Мұнай-химия саласын дамыту Қазақстанның экономикалық өсуінің драйверлерінің бірі болып табылады, сондықтан осы саланың қызметкерлері алдағы ҚР Президентінің сайлауына белсенді қатысуға тиіс. Бұл туралы «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы, ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстық штабының төрағасы Аблолла Ыдырысов «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі «АЭА БК»АҚ ұжымымен үгіт-насихат кездесуі барысында атап өтті. Іс-шарада үгіт-насихат тобының мүшелері қатысушыларды Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, оның 7 жылға есептелгенін және қазақстандықтардың және жалпы елдің әл-ауқатын арттыруға бағытталған міндеттерді қамтитынын атап өтті. Оның ішінде, бұл экономиканың, бизнестің барлық салаларын дамыту және халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі шаралар.