Құрметтi ханымдар мен мырзалар! 

 

Сiздi Қазақстанның ең дамыған өнеркәсiптiк өңiрлерiнiң бiрi болып табылатын, шетелдiк және отандық қаржылық салымдардың шоғырланған аумағы — Атырау облысына шақырамыз. Бұл аймақ тек қана облыста ғана емес, тұтастай алғанда, республикадағы жылдам экономикалық өсiмдi үнемi қамтамасыз етедi, және республиканың негiзгi капиталына салынған барлық инвестициялардың 28% -нан астамын құрайды.
 
 
Облыс сондай-ақ жалпы өңiрлiк өнiм (ЖӨӨ) және орташа жалақы бойынша, Қазақстан Республикасындағы жетекшi орындарға ие.
Бiз әлемнiң 50-ден астам елiмен табысты ынтымақтасып, АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Еуразиялық экономикалық одақ елдерiнiң, Канада, Испания және басқа елдерiмен экономиканың түрлi салаларында сыртқы сауда операцияларын жүргiземiз.
 
«Шеврон», «Эни», «Эксон Мобил» және басқа да iрi халықаралық трансұлтты компанияларды қоса алғанда, аймақта 1000-нан астам бiрлескен және шетелдiк кәсiпорындар құрылып, табысты жұмыс жасайды. Бұл ынтымақтастық аймаққа заманауи менеджмент, озық жабдықтар мен алдыңғы қатарлы технологияларды тартады.
 
Сiздердi Атырау облысының инвестициялық әлеуетiмен танысып, жаңа өндiрiстер құру мүмкiндiгiн қарастыру үшiн сiздi «Қазақстанның мұнай астанасы» — Атырау қаласына шақырамыз. Өз тарапымыздан бiз, барлық идеялар мен ұсыныстарды талқылау үшiн, және экономиканың түрлi салаларында бiрлескен жобаларды жүзеге асыруға үмiттiмiз.
 

Осы сілтеме арқылы Атырау облысы әкімдігінің сайтына өтуіңізге болады

 
Атырау облысы әкiмi
Шапкенов Серик Жамбулович