KIOGE конференциясы Қазақстанның және бүкіл Каспий өңірінің мұнай-газ өнеркәсібіндегі ең ірі іс-шараларының бірі болып саналады. Бұл Қазақстандағы алғашқы мұнай-газ көрмесі мен конференциясы, ол өз тарихын 1993 жылдан бастайды. KIOGE конференциясы өзекті экономикалық идеяларды дамытуға және мұнай-газ секторы үшін нақты шешімдерді әзірлеуге жәрдемдеседі.

Конференция бағдарламасы келесі бағыттар бойынша бірқатар стратегиялық және жоғары мамандандырылған сессияларды қамтиды:

  • Тұрақты даму тұжырымдамасы аясында мұнай және газ жобаларын іске асыру
  • Мұнай-газ саласының негізгі жобаларының мәртебесі мен даму жоспарларын таныстыру
  • Геологиялық барлау және инвестициялар
  • Мұнай-газ машинасын жасауды дамыту
  • Мұнай өңдеу саласын дамытудың 2024-2050жж тұжырымдамалары
  • IT және жасанды интеллект
  • Жергілікті қамтуды нығайту – өңірлік экономикаларды орнықты дамытуға және оларға жәрдемдесуге жол
  • Жаһандық энергетикалық трансформация жағдайындағы Қазақстанның бейімделу стратегиялары
  • Газ өңдеу саласындағы халықаралық әріптестік
  • Мұнай-газ химиясы