«Атамекен» ҚР ҰКП Атырау облысына сапары өтті, онда «Атырау мұнай-химия технопаркі» ҰАТ АЭА басшылығымен АЭА-дағы ШОБ жобаларын дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
ҰКП жұмыс тобының құрамына ҰКП аппаратының басшысы Бауыржан Оразғалиев, индустрия департаментінің директоры Анара Шагиева, базалық салалар департаменттерінің өкілдері, Атырау облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаев, өңірлік кеңестің төрағасы Гүлмира Жұмағалиева, ҰКП Мұнай-газ операторларымен өзара іс-қимыл және мұнай сервисін дамыту жөніндегі ресми өкілі Асылбек Жақиев кірді. ☝️
Аймаққа сапар барысында топ мүшелері «ҰАТ» АЭА аумағында болып, осында орналасқан объектілердің қызметімен танысты. Атап айтқанда, «Kazakhstan Petrochemical Industries» ЖШС (KPI) полипропилен өндіру зауытының жұмысымен.
Бүгінгі таңда Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі аумағында 14 қатысушы тіркелген, оның ішінде 2 – жұмыс істеп тұрғандары: бұл «Полимер Продакшн» полимер өнімін өндіретін кәсіпорын және «Эр Ликид Қарабатан Тех Газы»ЖШС Сығылған ауа мен азот өндіретін қондырғы.
Іске асыру процесінде тағы 2 жоба — «KPI» ЖШС интеграцияланған газ-химия кешені және арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылым объектілерін салу жобасы.
«Kazakhstan Petrochemical Industries» ЖШС (KPI) полипропилен өндіру зауытының өндірістік қуаты жылына 500 мың тонна полипропиленді құрайды. Өндіріске арналған шикізат-Теңіз кен орнынан пропан, ол мұнда темір жол арқылы жеткізілетін болады. Бұл тәулігіне 70 вагон, бұл зауыттың тәуліктік өнімділігін қамтамасыз етеді.

