Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтініштерді қарау рәсімі

Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның қызметі қызметті жүзеге асыру туралы шартқа немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады, оларды жасасу үшін өтініш беруші осы бапқа сәйкес арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына тиісті өтінішті береді.

Мыналар:
1. жер қойнауын пайдаланушылар;
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 462-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар;
3. арнаулы салық режимдерін қолданатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер;
4. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған, аяқталмаған келісімшарттар бойынша инвестициялық салықтық преференцияларды қолданатын ұйымдар;
5. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны және инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын (іске асырған) ұйымдар;
6. ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтінішті берушілерге жатпайды.

Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе негізгі емес қызметті жүзеге асыратын тұлға ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтінімге қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштегі мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы сілтеме;
2. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
3. өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4. заңды тұлға жарғысының көшірмесі;
5. заңды тұлғаның жоғары органының арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шешімінің көшірмесі;
6. өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған, соңғы қаржы жылы үшін қаржылық есептіліктің көшірмесі қоса беріледі. Егер өтініш беруші қызметті өтініш берілген күнге дейін 12 айдан аз жүзеге асырса, онда қаржылық есептілікті ұсыну ол болған кезде соңғы есепті күнге жүзеге асырылады;
7. жобаның уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келетін техникалық-экономикалық негіздемесі қоса беріледі. сілтеме;
8. қызмет көрсететін банктің өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмесі және кредиттік бюродан алынатын кредиттік есеп;
9. тіркеу есебіне қойылған жеріндегі мемлекеттік кіріс органының салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екені туралы анықтамасы;
10. осы баптың 16 және 17-тармақтарына сәйкес жобаны қаржылық қамтамасыз етудің растамасы;
11. егер жобаны іске асыру объектілер (құрылысжайлар, құрылыстар) салуды талап етсе, аумақтың эскиздік жобасы қоса беріледі.

Егер заңды тұлға құжаттарды беру кезінде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, онда мемлекеттік кіріс органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуде жоқ екендігі туралы анықтаманың көшірмесі ұсынылады.
Шетелдік заңды тұлғалар осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген заңдастырылған құжаттарды, сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi көшірмені немесе шетелдiк заңды тұлғаның шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын заңдастырылған басқа құжатты қазақ және орыс тiлдерiне нотариат куәландырған аудармасымен бірге ұсынады.

Қаржылық қамтамасыз етуді растау тәртібі

Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берген кезде өтініш берушілер жоба құнының кемінде он пайызы мөлшерінде қаржылық қамтамасыз етудің бар екенін мынадай тәсілдердің бірімен:
1. ақшамен;
2. банктік кепілдікпен;
3. өтініш беруші үшін осы тармақта көзделген тәсілдермен кепілгердің қаржылық қаражатының бар екенінің растамасы қоса берілген кепілгерлікпен;
4. мүлік кепілімен;
5. сақтандыру шартымен растауға тиіс.

Өтініш беруші қаржылық қамтамасыз ету тәсілдерінің кез келгенін, оның ішінде бірнеше тәсілді комбинациялау арқылы таңдауға құқылы.
Осы тармақтың ережелері шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына қолданылмайды.
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға мәртебесін алған кезден бастап екі жыл ішінде жоба құнының қалған бөлігіне қаржылық қамтамасыз етудің бар екенін растауға тиіс.
Жобасының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің он бес миллион еселенген мөлшерінен асатын арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға мәртебесін алған кезден бастап үш жыл ішінде қаржылық қамтамасыз етудің бар екенін растауға тиіс.
Осы тармаққа сәйкес қаржылық қамтамасыз етуді арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға қаржылық қамтамасыз етуді ұсыну кезінде іске асырылмай қалған жоба құнының бір бөлігіне ұсынады.

Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтініштерді қарау рәсімі

Өтініш беруші өтініш берген кезде арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы:
1. өтініш берілген күні оны өтініштерді тіркеу журналында тіркеуге және бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастыруға;
2. ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексеруге міндетті.

Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы өтінішті жобаларды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарына сәйкес қарайды. сілтеме.
Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы мәлімделген қызмет түрі, оның ішінде бірыңғай технологиялық процесс шеңберіндегі қызмет түрлері арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына, басым қызмет түрлеріне, өтініш берушілердің жобаларын іріктеу өлшемшарттарына және (немесе) ұсынылған құжаттар осы баптың 3 немесе 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда өтініш берушіге қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.
Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы мәлімделген қызмет түрі өтініш берушілердің жобаларын іріктеу өлшемшарттарына және (немесе) ұсынылған құжаттар осы баптың 3 немесе 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өтініш берушіге бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.
Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шартты немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасудан бас тарту туралы шешімді оны қабылдау негіздемесімен бірге өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша түрде жіберуге және бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартқа қол қояды. сілтеме.
Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалған кезден бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, бірыңғай үйлестіру орталығына қызметті жүзеге асыру туралы шарттың немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың көшірмесін жібереді және шарт жасасу туралы ақпаратты бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастырады.
Бірыңғай үйлестіру орталығы тиісті шарттың көшірмесін алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтініш беруші туралы мәліметтерді арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізеді және тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлік береді немесе куәлік бермей бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміне енгізеді.
Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміне мәліметтер енгізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бірыңғай үйлестіру орталығы осындай тұлғаларды және арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға мәртебесін алғаны туралы хабардар етеді. Бірыңғай үйлестіру орталығы мемлекеттік кіріс органдарын да тұлғаны арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізу туралы хабардар етеді.
Аталған тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміне енгізу туралы ақпарат бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастырылады.
Тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлік алынғаннан кейін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтық жеңілдіктерді алуға құқылы.
Мемлекеттік кіріс органдары бірыңғай үйлестіру орталығының хабарламасын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын есепке алуды жүзеге асырады.

Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

Қосалқы қызмет түрлері арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арнайы экономикалық аймақтың аумағында қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғамен жасасатын қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға үміткер тұлғалар мынадай талаптарға сәйкес келуге:
1. тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндіруші болып табылуға тиіс;
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелуге тиіс.

Осы баптың 2-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келген кезде, қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға үміткер тұлғалар арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына қосалқы қызмет түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде жіберуге өтініш береді.
Өтінішке тұлғаларды қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға жіберуге арналған құжаттардың тізбесіне сәйкес қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі құжаттар қоса беріледі.

Тұлғаларды қосалқы қызмет түрін жүзеге асыруға жіберу негізі мен рәсімі

Қосалқы қызмет түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде жіберуге арналған өтініш келіп түскен кезде арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы:
1) ұсынылған құжаттардың тұлғаларды қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға жіберуге арналған құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді;
2) қосалқы қызмет түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде жіберуге арналған өтінішті өтініштерді тіркеу журналында тіркейді. Қосалқы қызмет түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде жіберуге арналған өтініштің берілген күні оның тіркелген күні болып табылады.

Ұсынылған құжаттар тұлғаларды қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға жіберуге арналған құжаттардың тізбесіне сәйкес келген кезде арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасады және бұл туралы әрекет ету аймағында арнайы экономикалық аймақ орналасқан мемлекеттік кіріс органын тұлғаның арнайы экономикалық аймақ аумағында қосалқы қызмет түрін жүзеге асыруға жіберілгені туралы хабардар етеді.
Арнайы экономикалық аймақ аумағында қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға үміткер тұлғалар мұндай құқықты алу үшін арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін орындауға шарт жасасуы да мүмкін.
Ұсынылған құжаттар тұлғаларды қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға жіберуге арналған құжаттардың тізбесіне сәйкес келмеген жағдайда, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы қосалқы қызмет түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде жіберуге арналған өтінішті осындай өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарып береді. Қосалқы қызмет түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде жіберуге арналған өтінішті қайтарып беру тұлғаны жол берілген кемшіліктер жойылғаннан кейін қайтадан өтінішпен жүгіну құқығынан айырмайды.

Қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыруға тұлғаларға рұқсат беру үшін құжаттар тізбесі

Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге заңды тұлға немесе дара кәсіпкер мынадай құжаттарды қоса береді:
– заңды тұлға үшін — салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларды бір мезгілде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жарғының және куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

дара кәсіпкер үшін — салыстыру үшін түпнұсқаларын бірмезгілде ұсына отырып, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
 
салыстыру үшін түпнұсқаларын бірмезгілде ұсына отырып, мердiгерлiк жұмыстардың және/немесе қызметтердің жекелеген түрлерін орындауға арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен жасалған шарттың көшірмесі;
 
заңды тұлға үшін — салыстыру үшін түпнұсқаларын бірмезгілде ұсына отырып, бірінші басшының жеке куәлігінің көшірмесі;
 
дара кәсіпкер үшін — салыстыру үшін түпнұсқаларын бірмезгілде ұсына отырып, жеке куәлігінің көшірмесі.