ИНВЕСТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

Жеңілдіктер:

  • Артықшылықтары мен жеңілдіктер
  • КТС – 0%
  • АЭА аумағында өткізілген және қызметті жүзеге асыру кезінде толық тұтынылған тауарларға ҚҚС (тізбе бойынша жергілікті өндірілген тауарлар) – 0%
  • АЭА шегінде экспортқа өндірілген және өткізілген тауарларға ҚҚС – 0%
  • Импортталатын тауарларға ҚҚС – 0%
  • Импорттық кедендік баждар – 0%
  • Мүлік салығы – 0%
  • Жер салығы – 0%
  • Жерді жалға алу – 0 теңге
  • Шетелдік жұмыс күшін тартудың оңайлатылған тәртібі


АЛУ ШАРТТАРЫ:

  • ҚР АЭА туралы заңнамасына сәйкес АЭА болып табылады;
  • АЭА аумағындағы салық органында немесе құзыретіне АЭА аумағы жататын салық органының аумақтық бөлімшесінде орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде тіркелген;
  • АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған қажетті инфрақұрылым мен объектілер болған кезде заңды тұлғаның АЭА аумағынан тыс жерлерде өкілдіктерді қоспағанда, филиалдары мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері болуға құқығы жоқ;
  • АЭА аумағында АЭА құру мақсаттарына сәйкес келетін қызметтің басым түрін жүзеге асырады.

Салық және (немесе) төлемақы сомаларын 100 пайызға азайтуды қолдану мерзімі:
А санаты — 7 жыл бойы, жобаның құны АЕК-тің 3 000 000 еселенген мөлшеріне дейін;
В санаты — 
15 жыл бойы, жобаның құны 3 000 000 еселенген АЕК-тен 14 500 000 еселенген мөлшеріне дейін;
С санаты — 
25 жыл бойы, жобаның құны АЕК-тің 14 500 000 еселенген мөлшерінен.
бірақ АЭА қызметін жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімінен және жұмыс істеу мерзімінен аспайды