«Ұлттық индустриялық мұнай - химия технопаркі» арнайы
экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ

"ҰЛТТЫҚ ИНДУСТРИЯЛЫҚ МҰНАЙ-ХИМИЯ ТЕХНОПАРКІ" АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕКЕ МЕНШІК СЕРІКТЕСТІК ЖОБАЛАРЫ

   Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) - мемлекетпен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты салу тәсілі, бизнеске әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін өзара тиімді шарттар бойынша мүмкіндік береді. МЖӘ кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдайлар жасайды және пайда табуға деген кепілдік.


   Мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ Заңымен айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны.


   Жекеше әріптес – осы Заңға сәйкес мемлекеттік әріптестер ретінде әрекет ететін тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға.


   Мемлекеттік әріптес – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан Қазақстан Республикасы, оның атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органы, сондай-ақ олар уәкілеттік берген өзге де мемлекеттік органдар мен дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілері.

 

   Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ Заңына сәйкес.

   56-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік

   1. Арнайы экономикалық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік осы Заңның ережелеріне сәйкес іске асырылады және арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылым объектілерін жобалауға, салуға, құруға, реконструкциялауға, жаңғыртуға және пайдалануға бағытталады.

   2. Арнайы экономикалық аймақтағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік әріптес ретінде арнайы экономикалық аймақтың басқару органы әрекет етеді.

   Бұл ретте арнайы экономикалық аймақтың басқару органы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қатысу туралы өз шешімін арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен және акциялардың бақылау пакетіне иелік ететін органмен келіседі.

   3. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы конкурсты ұйымдастырушы болып әрекет етеді.

   4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу жекеше әріптестің арнайы экономикалық аймақтың аумағында арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымы объектілерін жобалау, салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруы үшін негіз болып табылады.

 

   «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағындағы мемлекеттік - жекеменшік әріптестік енгізілген инфрақұрылымдық жобалар тізбесі:



Кір жуатын орын
____________________

Жөндеу-құрылыс цехы, гаражбен
___________________________________

Тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны
_____________________________________


АЭА аумағында орналасқан кәсіпорындардың өндірістік және қолдау қызметкерлерінің арнайы киімдерін жууға арналған.

Кір жуушының күші  

  • тәулігіне 500 кг мата;

  • айына шамамен 12 т. мата, арнайы киімнің құрамына, жуудың жиілігіне және арнайы киімнің санына байланысты есептелген.

Кір жуатын орынның құрамына келесілер кіреді:

  • қабылдау, сараптау және химиялық тазалау бөлімі;

  • жуу бөлімі;

  • арнайы киімді жөндеу учаскесі;

  • кебу-үтіктеу бөлімі;

  • материалды қойма.


Жобаның қазіргі жағдайы: инвестор іздестірілуде


Гаражды, жөндеу-құрылыс цехы диагностика, техникалық қызмет көрсету және АЭА резиденттерінің жалпы-зауыттық шаруашылық қызметтерінің механикалық құрылғыларын ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған. Жөндеу жұмыстарының жылдық көлемі (капиталды және ағымдағы)  АЭА өндірісттік қорының құнынан 2% құрауы мүмкін.

Жөндеу-құрылыс цехының құрамына келесі негізгі учаскелер кіреді.

  • дайындау-дәнекерлеу учаскесі;

  • механикалық учаскесі; 

  • ТҚ және ТЖ учаскесі;

  • элетротехникалық құрылғы және КИПиА құрылғыларын жөндеу учаскесі.


Жобаның қазіргі жағдайы: инвестор іздестірілуде


ТҚҚ полигоны АЭА өндірістік кәсіпорындарда пайда болатын  қатты қалдықтаарды қоймалауға арналған. ТҚҚ полигоны                   2 дәрежені иеленеді.

Полигонды пайдалануға беру мерзімі 20 жыл, 3 жыл құрылыс уақыты, 17 жыл пайдалану уақыты.

2017 жылдан 2032 жыл аралығында 9755,055 т. тұрмыстық қатты қалдықтар жиналуы мүмкін. ТҚҚ полигонының аумағы АЭА дамуын ескере отырып 17 га. құрайды. Өндірітік қалдықтар АЭА аумағынан арнайы ұйымдармен шығарылатын болады. Полигон бір ауысыммен жұмыс істейтін болады, аптасына бес күн, тәулік бойыкүзетпен.

Полигонның құрамында келесілер қарастырылған:

  • Кірме жол; 

  • Әкімшілік-шаруашылық аймақ;

  • Қоймалау аймағы.

Жобаның қазіргі жағдайы: инвестор іздестірілуде

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _


Өрт сөндіру депосы
_______________________

3 колонкалы жағармай құю станциясы
__________________________________

Сақтау алаңы бар қойма
_____________________________


«ҰИМТ» АЭА өндірістік нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және өртке қарсы іс-әрекетті қалыптастыру үшін өрт сөндіру депосын орнату көзделген. Өрт сөндіру депосы және оның аймақта орналасуы өртке қарсы қызмет талаптарына сай болуы қажет.

«ҰИМТ» АЭА өндірісі А, Б, В категориясындағы (ғимараттар, құрылымдар, қондырғылар) орнатылады.

Өрт сөндіру депосының құрамына келесі ғимараттар мен құрылымдар кіреді:

  • Өрт сөндіру депосының ғимараты;

  • 6 өрт сөндіру автокөлігі;

  • Жаттығулық башня;

  • Бақылау өткізу пункті.


Жобаның қазіргі жағдайы – инвестор іздестірілуде


ЖҚС құрамына келесілер кіреді:

  • Техникалық қызмет көрсету станциясы, тегершік жөндеу бөлімшесімен

  • Бір постты көлік жуу.

Жобаланған ЖҚС В типті станция ретінде әзірленген және тәулігіне 250 құюға есептелген.  ЖҚС дизель отынын сақтау және құю және  жанар-жағар майдың – Аи-80, Аи-92, Аи-96 түрлері қарастырылған. Жағармайды құю 3 жағармай тарату колонкалары арқылы жүзеге асады.

Техникалық қызмет көрсету станциясы. ТҚКС жеңіл автокөліктердің тегершігін жөндеуге арналған.




Жобаның қазіргі жағдайы – инвестор іздестірілуде


Қойма автокөліктен және темір жол транспортынан жүктерді қабылдауға, сақтауға және тұиынушыларға әр түрлі материалдарды таратуға арналған. Қойма жылыту мүмкіндігімен, t=+5-10С, бір-біріне тәуелсіз жұмыс істейтін бірнеше бөлімшелерден тұрады. Қоймашыға,  жүргізушілерге, жүк тасушыларға, кедендік қызметшілерге, санузелге арналған бөлме қарастырылған. Параметрлерінің әр түрлілігімен ерекшеленетін және үнемі сақтау алаңын қажет ететін материалдар үшін стеллажды сақтау қарастырылған. 

Стеллаж секцияларының өлшемі 3,0х1,05 м, 5 ярусты, ярус биіктігі 0,8-1,0 м, бір секциядағы ярусқа түсетін күш  3,0т дейін. Штабелёр көтерілуінің биіктігі 4,4 м дейін.


Жобаның қазіргі жағдайы – инвестор іздестірілуде.


   «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы  компаниясы» акционерлік  қоғамы МЖӘ жобасын тікелей байланыс әдісі арқылы қарауды ұсынады, себебі бұл әдіс МЖӘ жобаларын іске асыру үшін неғұрлым оңтайлы болып табылады.

схема частной финансовой инициативы_каз.png

   Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің шығындарын өтеу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің кіріс алу көздері мыналар болып табылады:

   1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану процесінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу;

   2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидиялар;

   3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы;

   4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындардың өтемақысы;

   5) мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысы;

   6) қолжетімділік үшін төлемақы.


   Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру:

   1) жекеше әріптестің меншікті қаражаты;

   2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарызға алынған қаражат;

   3) мемлекеттік бюджет қаражаты;

   4) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты;

   5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.


   МЖӘ сферасындағы нормативтік-құқықтық актілер

   1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ

   2. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 31 қазандағы № 380-V ҚРЗ

   3. Концессиялар туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167 Заңы

   4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығы.

   5. Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығы.

 

   Мемлекеттік - жекеменшік әріптестік  шеңберінде «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытқан жағдайда, АЭА қатысушылармен өзара әрекет ету және МО жұмыс жөніндегі департаментіне хабарласыңыз!

Тел. 87122 209 315.